Қырық санының киесін Құраннан бастайық... 40 күнде бір тамшы ұрық су-қанға айналады, 40 күннен кейін етке, тағы 40 күннен кейін сүйекке, одан 40 күннен кейін ет пен сүйекке жан бітеді, және 40 күн өткен соң жан ~ ет пен сүйекті адам пішініне айналдырады. Содан 40 күн ішінде шақалаққа сезім мүшелері дамиды, тағы қырық күнде бала толысады, сонымен 280 күнде, ол деген~40 апта, 9 ай 9 күнде нәресте өмірге келеді. Қазақтың салты бойынша дүниеге келген нәрестенің 40 шығарып, "Қалжа"- қыздың төркіні апарады. Себебі, табиғы заңдылық бойынша нәрестенің сүйегі мен еті қосылады, адам болды деген осы. Баланы 40 қасық суға шомылдырады және 40 тілеу тілейді.
Ал мәйітті жерлегенде, адам 40 қадам бейіттен кеткеннен кейін, сұрақ-жауап басталады.
Адам барсакелмеске кеткеннен кейін 40 өткізеді, оның себебі еті мен сүйегі ажырайды.
Бұл 40 санының киесі үлкен, сол себептен 40 келген адам туған күнін тойламайды, садақа береді.
Қазақтар кезінде киіз үй тіккенде, үй арасы 40 қадам болған.
Малды бордақылағанда, жылқыны жемдегенде 40 күнге жеткізген.
Арғын рулары қасқырдың бас сүйегімен ер баланың басына 40 мәрте су құйған, оның себебі, бала қайратты, қуатты, төзімді батыр болсын деп ырымдаған.
Келін түсіріп отағасының босағасыны аттарда, 40 аңның терісінің үстінен өткізеді.
" Қызға қырық үйден тиым", "Отыз күн ойын, қырық күн тойын"," Отызында орда бұзған, қырықында қыр бұзбайды", "Қырықтың бірі~Қыдыр" ~деп босқа айтпаған.
Расында да ата-бабаларымыз табиғатпен байланысып, әлемнің қыр-сырын жақсы білген. Тылсым көзге көрінбейтін дүниенің жұмбағының шешімін ашып, ұрпаққа жалғастырып отырған. Салт-дәстүрді ұмытсақ ел болмаймыз.
40-күнде вирустың да беті қайтатын шығар...
Білгенге маржан.
"Қазақ білуі тиіс"-